Жаңа Конституция – елдің болашағына бағытталған маңызды қадам

Жаңа Конституция – елдің болашағына бағытталған маңызды қадам. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді. Сонымен қатар, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтауға және әділдік қағидаларын дамытуға ықпал етеді.
Жаңартылған Конституция демократиялық құндылықтарды қолдап, халықтың мемлекет ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл – елдегі тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сондықтан жаңа Конституцияны уақыт талабына сай, ел игілігі үшін жасалған құжат деп бағалаймын.
Агайдарова Куляш




