Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз — Қасым-Жомарт Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басатынымызды айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Қасиетті Отанымыз — Қазақстанды білім-ғылымның, ойлы ортаның және саналы жастардың күшімен түбегейлі жаңғыртамыз. Келер ұрпаққа Өркениетті, Қуатты әрі Әділетті мемлекетті аманат етіп қалдырамыз. Бұл — біздің ұлттық парызымыз. Осы тарихи жолда біз ғалымдардың орасан зор әлеуетіне сенім артамыз. Себебі ғылым өркендесе, бүкіл еліміз дамиды, шексіз мүмкіндіктерге жол ашылады. Ғалымның әрбір жаңалығы тұтас ұлттың мерейін асырады. Сіздер қашанда ел мүддесіне қызмет ете бересіздер деп сенемін. Мемлекет өздеріңізді әрдайым қолдайды, — деді ол.
Осы жиында Президент Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін айтты.
Президент «озық мемлекеттің қазығы — ғылым, ал қазынасы — ғалым» екенін айтты.
Тоқаев ғылымға көрсетіліп жатқан жүйелі қолдау шараларына тоқталды.
Президент Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоятынын айтты.




