Ғылымды қолдаудың жүйелі саясаты – дамудың негізі

Президент өз сөзінде ғылымды қолдаудың нақты тетіктеріне тоқталды. Бұл саясаттың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары ғылымды қаржыландырудың бірнеше есе артуы – маңызды қадам. Бұл ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғылыми университеттердің көбеюі де оң үрдіс. Олар білім мен ғылымды біріктіретін орталыққа айналуда. Бизнесті ғылымға тарту да өте маңызды. Салықтық жеңілдіктер осы бағыттағы тиімді құралдардың бірі. Бұл ғылым мен өндірістің байланысын күшейтеді. Жастарға ерекше көңіл бөлінуі де назар аудартады. Жас ғалымдарға тұрғын үй беру – үлкен қолдау. Бұл олардың ғылымда қалуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, халықаралық тағылымдамалар олардың көкжиегін кеңейтеді. Әлемдік тәжірибені меңгеру – дамудың кепілі. Жастар – ғылымның болашағы. Сондықтан оларға жағдай жасау – стратегиялық міндет. Президенттің бұл мәселеге ерекше мән беруі орынды. Жалпы, жүйелі қолдау болмаса, ғылым дамымайды. Ал ғылым дамымаса, елдің болашағы бұлыңғыр болады.
Әнуар Есқара, “AMANAT” партиясы Мәртөк аудандық филиалының хатшысы




