Еңбек дауы «AMANAT» партиясының көмегіменшешілді

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Покровка ауылының тұрғыны Николай Шульженко жылдар бойы жеке кәсіпкерден еңбекақысын өндіре алмай келген. Еңбек дауы «AMANAT» партиясының араласуымен «Құқықтық көмек» жобасы аясында шешілді.

Николай Шульженко көп жыл бойы кәсіпкер Талғат Сұлтановтың шаруа қожалығында бригадир қызметін атқарған еді. Оның балалары да осы шаруашылықта трактор тізгіндеп, еңбек етіпті. Кәсіпкер еңбекақының белгілі бір мөлшерін төлеп отырғанымен, берешек сомасы соңында 7 миллион теңге жетті. Ол шаруашылықты сатып, қарызын өтеуге уәде береді. Алайда, кәсіпкер мезгілсіз өмірден озуына байланысты, қарызы қайтарылмай қалады. Кейін оған тиесілі барлық мүлік анасының атына рәсімделді.

Арада бір жыл өткен соң кәсіпкердің анасы дақайтыс болып, мұрагерлік құқық оның қарындасына өтеді. Алайда шаруашылықтың жаңа иесі қарызды өтеуге асықпайды. Ол Николай Шульженкоға қолхат жазып бергенімен, ақыр-соңы іс созбалаңға салынып кетеді. Кейін мүлдембайланысқа шықпай қойыпты. Соның салдарынан бұл мәселе ұзақ уақыт бойы оң шешімін таппайкелген еді.

«Біз маңдай термен тапқан еңбекақымызды үш жыл бойы ала алмай, әуре-сарсаңға түстік. Жұмыс берушінің қайтыс болуына байланысты,әділдікке қол жеткізе қою оңай болған жоқ. Соған қарамастан, соңғы үмітімізді үзбей, «AMANAT» партиясының аудандық филиалына жүгіндік. Осыдан кейін бізге заңгерлік көмек көрсетіліп, сотқа талап-арыз жолданды. Нәтижесінде ұзақ уақытқа созылған мәселеміз өз шешімін тапты.«AMANAT» партиясы араласпаған жағдайда бұлқаражатты қайтара алмас едік. Көмек көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деді Николай Шульженко.

Жалпы жыл басынан бері «AMANAT» партиясыАқтөбе облыстық филиалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2723 өтініш келіп түсті. Оның 1550-і оң шешімін тапты. Сонымен қатар «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында облыс аумағындағы 67 тұрғынға кәсіби заңгерлік кеңес берілді. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі алимент өндіру, еңбек қатынастары және мүлік дауларына қатысты болып отыр.