Депутаттар партия мүшелерімен кездесті

Мәртөк аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Бақытгүл Абдуллина мен Рашид Айтқалиев партияның аудандық филиалына қарасты «Білім» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім саласында еңбек етіп жүрген партия мүшелерімен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Депутаттар өздерінің атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, аудан көлемінде көтерілген және шешімін табу бағытында қолға алынған бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, ауданда салынып жатқан жаңа мектеп құрылыстары және партияның «Жол картасы» аясында білім беру ұйымдарында материалдық-техникалық базасын нығайту, педагогтердің әлеуметтік жағдайы, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелері кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар, жиын барысында бастауыш партия ұйымының мүшелері өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Депутаттар тарапынан көтерілген барлық өтініш-тілектер мұқият тыңдалып, тиісті деңгейде қарастыру және шешу жолдарын қарастыру үшін назарға алынды.




