Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқан азаматтарды марапаттады https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-taza-kazakstan-aktsiyasina-belsene-katiskan-azamattardi-marapattadi-319165/

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Отан алдындағы адалдығын нақты ісімен көрсеткен бір топ азаматты марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде білім жүйесіне баса мән беруді маңызды мәселе ретінде атады.