Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия президентінің ұшағы Астанаға келіп қонды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға ресми мемлекеттік сапармен келді, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 13-14 мамыр күндері Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен Астанаға келетінін хабарлаған едік.




