Демократиялық сайлаудың негізінде бір ғана қағида тұрады. Ол – азаматтың өз таңдауын еркін жасауы.

Screenshot
Демократиялық сайлаудың негізінде бір ғана қағида тұрады. Ол – азаматтың өз таңдауын еркін жасауы.
Әр сайлаушы қай партияны қолдайтынын немесе дауыс беруге қатысу-қатыспауын өзі шешеді. Бұл шешімге қысым, мәжбүрлеу немесе заңсыз ықпал болмауы керек.
Сондықтан сайлау процесінің ашықтығы мен дауыс беру құпиясының сақталуы өте маңызды.
Бірақ еркін таңдау жасау үшін азаматтың ақпаратқа қол жеткізуі де қажет. Сайлаушы партиялардың бағдарламаларымен танысып, олардың ұстанымдарын салыстырып, өз көзқарасына сәйкес шешім қабылдауы керек.
Меніңше, саналы таңдау – саяси мәдениеттің маңызды көрсеткіші. Ал саяси мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол әрбір сайлау арқылы дамиды.
Аманқосов Асқар белсенді жас, “Бізде осы” жайдарман тобының мүшесі




