Су тасқыны кезінде инфекциялық және паразитарлық ауруларды алдын алу мақсатында халыққа берілетін ұсыныс

Су тасқыны үйлерді, шаруашылық фермаларды су басуы мен мүліктердің жарамсыз болуымен ғана қауіпті емес, сонымен қатар дизентерия, іш сүзегі, А және В паратифі, тырысқақ, ротавирусты инфекциялар сияқты ішек инфекцияларының қолайсыз эпидемиялық жағдайларының өршуіне де әкеліп соқтырады.

Су тасқыны кезінде құдықтар мен ұңғымалардағы сулар дәретханалар мен қазылған шұңқырлардағы тастандылармен ластанады.

Көптеген ауруларды тасымалдайтын кеміргіштер су тасқынынан сақтану мақсатында тұрғын үйлер мен ғимараттарға енуінен адамдардың инфекциялық және паразитарлық ауруларды жұқтыру қаупін ұлғайды.

Су тасқыны кезінде инфекциялық және паразитарлық аурулардан сақтану үшін қарапайым, әрі тиімді қағидаларды ұстану керек, олар:

  • аула мен тұрғын бөлмелерді тазалықта ұстау;
  • ауыз суына тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
  • қазылған шұңқырлардағы тастандыларды уақытылы тазарту;
  • жеке бас гигиенасын сақтау, әсіресе кішкентай балалардың күтімінде (дәретханадан кейін, жануарлармен қатынаста болғаннан соң, тағам дайындар алдында және қабылдар кезде қолды сабынмен жақсылап жуу);
  • жеміс-жидек, көкөністерді ағынды сумен жуу;
  • ет және тез бұзылатын тағамдарды салқын жерде сақтау, сақтау мерзіміне аса көңіл бөлу, жақсылап қайнатып немесе қуыру;
  • су тасқынымен ластанған тағам өнімдерін пайдаланбау;
  • шаруашылық фермаларды тазалау кезінде қорғаныш қолғап қолдану, жұмыс істеу барысында темекі тартпау, тамақ ішпеу керек, өйткені лас қолмен инфекция ағзаға түсуі мүмкін.

Жіті инфекциялық аурулардың белгілері туындаған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, құсу пен сұйық нәжіс және т.б. болғанда) тез арада медициналық көмекке жүгініңіз. Төтенше жағдайлар орын алған кезде күнделікті уақытта қарапайым гигиеналық қағидаларды, сонымен қатар біздің ұсыныстарымызды орындасаңыз Сізді көптеген аурулардан сақтайтынын есте шығармаңыз! Ішек инфекциясының белгілері болған жағдайда өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз.