КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ – САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ЕРТЕ ҚОЛҒА АЛУ ҚАЖЕТ

Қыс мезгілінің аяқталып, көктемнің жақындауына байланысты ауа температурасы көтеріледі. Қардың жаппай еруі, жаңбырдың жаууы және тоң қабатының жібуі салдарынан өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріліп, елді мекендерде еріген қар сулары жиналуы мүмкін. Мұндай жағдайлар тұрғын үйлерді, аула аумақтарын, шаруашылық нысандарын су басу қаупін тудырады.
Су тасқыны – табиғи құбылыс болғанымен, оның салдарын азайту алдын алу шараларын уақытылы жүргізуге байланысты.
Осыған орай Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды көктемгі кезеңде қауіпсіздік талаптарын сақтауға және дайындық шараларын күшейтуге шақырады.
Алдын алу шаралары:
•Үй маңындағы қарды уақытылы шығару;
•Ауладағы арық-атыздар мен су өткізу арналарының бітелмеуін қамтамасыз ету;
•Су ағатын жолдарды тазарту;
•Жертөле мен іргетастың саңылауларын бекіту;
•Қажет болған жағдайда құм салынған қаптар дайындау;
•Электр және газ жүйелерінің қауіпсіздігін тексеру.
Су басу қаупі төнген жағдайда:
•Құжаттарды, бағалы заттарды және қажетті дәрі-дәрмектерді жоғарғы қабатқа немесе қауіпсіз жерге көшіру;
•Электр қуатын, газ және су жүйесін ажырату;
•Балалар мен қарт адамдарды алдын ала қауіпсіз аймаққа шығару;
•Құтқару қызметтерінің нұсқауларын қатаң орындау;
•Дүрбелеңге жол бермеу.
Әрбір тұрғынның жауапкершілігі мен сақтығы – төтенше жағдайлардың алдын алудың басты кепілі.
Өз өміріңізді және мүлкіңізді қорғау үшін алдын алу шараларын бүгіннен бастап қолға алыңыз.
Мәртөк аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі