Бүгін Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясы Мәртөк аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Заманауи ұстаз мәртебесі және қоғамдағы рөлі» тақырыбында ашық алаң форматында ұстаздармен кездесу өтті.

Бүгін Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясы Мәртөк аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Заманауи ұстаз мәртебесі және қоғамдағы рөлі» тақырыбында ашық алаң форматында ұстаздармен кездесу өтті.
Партияның аудандық филиалында өткен еркін пікір алмасу барысында қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орны, ұстаз мәртебесін арттыру, білім сапасын жетілдіру және жас ұрпақ тәрбиесіндегі мұғалімнің жауапкершілігі кеңінен талқыланды.
Кездесуде «Әділет» партиясының саяси бағыты мен негізгі басымдықтары, партияның білім саласына қатысты ұстанымдары және ұстаздар қауымымен өзара байланысты нығайту бағытындағы жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, ұстаздардың күнделікті қызметінде кездесетін өзекті мәселелер мен ұсыныстары тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында ұстаздар өз ойларын ашық айтып, білім беру саласындағы өзгерістер, мектептегі тәрбие жұмысы, мұғалімнің қоғамдағы беделі, жас мамандарды қолдау және білім сапасын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара соңында «Әділет» партиясы Мәртөк аудандық филиалының төрағасы Ануар Искарин білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарды партияның Алғыс хаттарымен марапаттап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.




