Абай мұрасы: Қазақ мәдениетін әлемге таныту жолында

Биыл ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуы – қазақ халқы үшін маңызды және ерекше оқиға. Президенттің құрылтайда атап өткендей, Абайдың шығармашылығы мен мұрасы тек қазақ мәдениетінің негізі ғана емес, ол бүкіл адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды философиялық, әдеби және рухани мұра болып табылады.
Құрылтайда ұсынылған Абай институты сияқты жобалар ұлы ойшылдың мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау мен қазақ мәдениетін әлемге таныту үшін өте маңызды. Абай институттары әлемдегі әйгілі мәдени орталықтар сияқты жұмыс істесе, қазақ мәдениетін танытуда жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді.
Әлемнің түрлі елдерінде Абайдың шығармаларын танытатын орталықтар ашу, оның философиясы мен әдебиетін үйрететін курстар ұйымдастыру – бұл біздің мәдениетіміздің тереңдігін және байлығын көрсететін үлкен жоба болмақ.
Абайдың мұрасы тек біз үшін ғана емес, басқа халықтар үшін де құнды. Сондықтан құрылтайда көтерілген мәдени-ағартушылық жобалар мен Абай институттары сияқты бастамалар еліміздің мәдениетін әлемге танытуда үлкен рөл атқарады.
Ж. Ерманова
Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры