Әділетті Қазақстан – жастардың таңдауы

Конституциялық реформаның жобасымен танысып шықтым. Аудан жастарының өкілі ретінде айтарым – бұл біз көптен күткен өзгерістер.
Ең маңыздысы – халықтың билікке араласу мүмкіндігінің артуы. Мәжіліс депутаттарын сайлаудың жаңа жүйесі қарапайым халық арасынан шыққан жаңа есімдерге жол ашады. Бұл дегеніміз – жастар үшін саяси лифт жұмыс істей бастайды деген сөз.
Сонымен қатар, жер мен табиғи байлықтың халыққа тиесілі екенінің Ата Заңда бекітілуі – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Еліміздің байлығы әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуі тиіс.
Реформа қағаз жүзінде қалмай, іс жүзінде орындалуы үшін біз, жастар қауымы, бейжай қалмауымыз керек. Өзгерісті өзімізден бастайық. Мен реформаны қолдаймын!
Телеугалиев Нұрхан Төреханұлы
Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының маманы




