Ақтөбе облысында ШОБ дамытуға 15,7 млрд теңге бағытталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырдағыЖолдауында Қазақстандағы кәсіпкерліктіқолдаудың маңыздылығына назар аударды. Олэкономиканың табысты дамуы шағын және орта кәсіпорындар үшін қолайлы орта құруғабайланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда, Президент салық саясатының негізгі аспектілерін, бизнесті қолдауды және кәсіпкерлік белсенділіктіынталандыруға бағытталған қолданыстағымемлекеттік бағдарламаларды қозғады.

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысы көрсеткенбастамаларды тиімді іске асыру үшін белсендішаралар қабылдануда. Бизнесті реттеудің маңыздықұралдарының біріәртүрлі мемлекеттікбағдарламалар арқылы ұсынылатын қаржылыққолдау. 2024 жылы бұл мақсаттарға 15,7 млрд теңгебөлінді.

Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 1 485 жобаға қолдау көрсетілді. Қолдау субсидиялау, несиеге кепілдік беру және инфрақұрылымдыдамытуды қоса алғанда, әртүрлі нысандардаұсынылады. Әсіресе, қолдау көрсетілетінжобалардың үштен бір бөлігі облыстыңаудандарында орналасқандығы, олардың дамуынаықпал ететіндігі ерекше назар аудартады.

2023 жылы Хромтау моноқаласыныңкәсіпкерлеріне несие беруге бағытталған шағынжәне орта кәсіпкерлік саласын дамыту жөніндегіөңірлік бағдарлама іске қосылды. Бағдарламаныңжалпы бюджеті 2 млрд теңгені құрады, 95 жобақолдау тапты.

Мақсатты жұмыс нәтижесінде шағын және орта бизнесті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қолжеткізілді. Осылайша, тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы саны 93 мыңнан асты, оныңішінде 86 мың бірлік белсенді болып табылады.  Бұл салада өңірдің 172 мыңнан астам тұрғыныеңбек етуде.

Осы сектор жұмысының тиімділігінің маңыздыкөрсеткіші өндірілген өнімнің, орындалғанжұмыстардың және көрсетілген қызметтердіңкөлемі болды, ол ағымдағы жылдың қаңтар-маусымаралығында 925,5 млрд теңгеге жетті. Өңірде ШОБ дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.