Алаяқтықпен күрес: Қоғамның қауіпсіздігі мен сенімін қалпына келтіру

Мемлекет басшысы құрылтайда атап өткендей, алаяқтық әрекеттердің жиілеуі қазіргі қоғамда үлкен қауіп тудырып отыр. Қайырымдылыққа ақша жинап, оны өз пайдасына жұмсайтын теріс пиғылды адамдардың әрекеті, әсіресе, халықтың сенімін терең осалдатады.
Сонымен қатар, интернет алаяқтары мен жалған психологтар мен «коучтардың» көбеюі де алаңдаушылық туғызып отыр. Оларға сеніп алданып қалғандардың саны артты, бұл жағдай адамдардың әлеуметтік және психологиялық жағдайына зиян келтіріп, қоғамдағы сенім деңгейін төмендетеді.
Президент құрылтайда осы мәселені көтеріп, жауапты органдардың әрекет етуі қажеттігін айтты, бұл өте орынды.
Мен осы мәселеге қатысты мемлекет басшысының пікірімен толықтай келісемін. Жауапты органдардың осындай теріс пиғылды әрекеттерге қарсы нақты және пәрменді шаралар қабылдауы, халықты алаяқтардан қорғауы тиіс. Қоғамның сенімін қайта орнатып, халықтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін бұл мәселеге барынша назар аудару керек.
Ж. Тукешев
«Родники Агро» ЖШС астық қоймасының меңгерушісі