Әлеуметтік қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Халықты әлеуметтік қорғау еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыты ретінде ерекше орын алады, себебі ол қоғамдағы тұрақтылықты, әлеуметтік орнықтылықты қамтамасыз етіп, өмірлік жағдайына қарай мемлекеттің қолдауына мұқтаж азаматтарға қажетті көмек көрсетеді.
Бүгінгі күні Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады. Бюджет өзінің әлеуметтік бағыттылығын сақтап қалды. 2026 жылы әлеуметтік салаға 10,7 трлн теңге бөлінеді, оның 6,8 трлн теңгесі – әлеуметтік төлемдер.
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақының онға жуық түрі бар, олардың мөлшері АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленеді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 4 325 теңге деңгейінде белгіленіп, ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл базалық көрсеткіштердің өсуі жәрдемақылардың артуына тікелей әсер етеді.
Осыған сәйкес, мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы: I топқа – 111 873 теңге, II топқа – 89 498 теңге, III топқа – 61 022 теңге болып белгіленеді. Жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 81 871 теңге, ал 7–18 жас аралығындағы балаларға мүгедектік тобына қарай 81 871–111 873 теңге аралығында төленеді. Мүгедектігі бар баланы немесе I топтағы мүгедек адамды күтетін ата-аналар мен қамқоршыларға 81 871 теңге мөлшерінде төлем тағайындалады.
Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақы мөлшері де өседі: бір еңбекке жарамсыз мүшесі бар отбасы – 46 783 теңге, екі мүшесі – 86 447 теңге, үш мүшесі – 114 415 теңге, төрт мүшесі – 132 213 теңге алады.
АЕК ұлғаюымен көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақылар да артты. Көпбалалы отбасылар болып төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар саналады. Төлем мөлшері төрт балаға – 69 330 теңгеден, он балаға – 173 000 теңгеге дейін өзгереді.
Бала тууына байланысты біржолғы төлемдер де көбейді: 1–4-бала туған жағдайда – 164 350 теңге, бесінші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге. Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне арналған жәрдемақы 24 912–38 493 теңге аралығында болады. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін жәрдемақы мөлшері тиісінше 32 005 және 27 680 теңгені құрайды. Жерлеуге арналған жәрдемақы 151 375 теңге болады.
Мемлекет әлеуметтік қолдау жүйесін кезең-кезеңімен нығайтып, балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға және өзге де әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударып келеді.
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РММ-нің
зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырубөлімінің бас маманы
Успанова Камила




