АУДАН ӘКІМІ МЕДЕТ ЫСҚАҚОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары мен қонақтары!

 

Біз – ежелден қатпарлы тарихқа, терең шежіреге ие бай елміз. Дархан даламыздың қай қойнауы да ата-бабаларымыздың салып кеткен ізіне толы. Біз үшін Тәуелсіздік ұғымының мәні зор, мағынасы терең.

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміз шекарасы бекітіліп, халықаралық аренада мемлекетіміздің беделінің өсуіне бағытталған шаралар жүзеге асты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында «Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз» — деп атап өткен болатын.

Біздің бүгінгі мақсаттарымыз бен міндетіміз тұрғындарымыздың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған.

 

Құрметті жерлестер!

Осындай айтулы мерекеде, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ — береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!