Бақылау тексерісі: Қарулы күштерде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылуда

Қарулы күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің басқару органдары, құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгерлік әзірлік бойынша емтихан тапсырып жатыр.
Бақылау тексерісі әскерлердің жауынгерлік және жедел дайындығы деңгейін арттыруға бағытталған. Оқу полигондарында тактикалық оқу-жаттығулар, бақылау жаттығулары, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақыттардағы атыстар өткізіледі. Қарумен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.
Сабақтар мен жаттығулар барысында бөлімшелердің үйлесімділігі, белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындау қабілеті тексеріліп, жеке құрамның дайындық деңгейі бағаланады.
Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, дене дайындығы, мемлекеттік-құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да пәндер бойынша сынақтар тапсырады. Сондай-ақ тактикалық буын командирлерінің штаттық және қосымша бөлімшелерді ұрыс атыстары мен тактикалық оқу-жаттығулар кезінде басқару қабілеті бағаланатын болады. Бақылау тексерісі нәтижелеріне сәйкес әскери бөлімдердің қолбасшылығына жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталған практикалық көмек көрсетіледі.
Бұдан бөлек, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайы, техника мен қару-жарақтың қойылған міндеттерді орындауға дайындығы тексеріледі. Тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру деңгейі, бөлімшелердің күнделікті қызметі және әскери тәртіптің жай-күйі бағаланады.
Бақылау тексерісінің қорытындысы бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қызметіне кешенді баға беріліп, жауынгерлік дайындық сапасын одан әрі арттыру бағыттары айқындалады.




