Бір шаңырақ астында…

Қарғалы ауданындағы этнос өкілдері сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келді. Бұл — бір шаңырақ астында тұратын, еңбегімен елдің әлеуетін арттырып жүргендердің жарқын үлгісі.

Бадамша және Ащылысай ауылдарында 4266 дауыс беруші тіркелген. №240 және №246 сайлау учаскелерінде неміс, өзбек, орыс, украин, башқұрт этносының өкілдері еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін дауыс берді. Осылайша, екі ауылда тұратын өзге ұлт өкілдері бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.
— Сайлау — ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлаудың маңызы зор. Соған сәйкес тұрғындардың белсенділігі де жоғары. Жастар да ерекше атсалысуда, — дейді неміс ұлтының өкілі Владимир Берген.
Айта кетейік, Қарғалы ауданында 16 сайлау учаскесі бар. Мұнда 9872 сайлаушы тіркелген.

А.САЙЛАУҚЫЗЫ,
Қарғалы ауданы.