Болашақ экономика – жас ұрпақтың қолында

Жаңа экономиканың қозғаушы күші – білімді, икемді және технологияны меңгерген жас буын. Конституциялық реформаның соларға бағдарлануы – елдің даму векторын дұрыс айқындау деген сөз. Қазіргі әлемде бәсекелестік шикізатпен емес, идеямен өлшенеді. Ал идеяны жүзеге асыратын – жастар. Оларға ашық мүмкіндік беретін құқықтық және саяси орта қалыптасса, экономикалық серпін өздігінен пайда болады. Реформа осындай ортаны құруға бағытталғаны байқалады. Жастардың кәсіпкерлікке, ғылымға, креативті индустрияға келуі ел экономикасын әртараптандырады. Бұл тәуелділікті азайтып, тұрақтылықты күшейтеді. Сонымен бірге жаңа буынның ел ішінде өзін жүзеге асыруына жағдай жасалады. Бұл көші-қон теңгеріміне де әсер етеді. Болашағын өз елінен көрген жастар қоғам дамуына белсенді үлес қосады. Ұзақ мерзімде бұл елдің экономикалық және әлеуметтік қуатын арттырады.
А.Райзих
Мәртөк аудандық мәслихат депутаты




