Бүгін «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

 

Отырыстың күн тәртібінде Мәртөк ауданы бойынша қыс мезгілінде қар тазалау бағытында коммуналдық қызметтердің атқарып жатқан жұмыстары және «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Қалимағамбетов пен Мәртөк ауылдық округінің әкімі Аслан Аймағамбетов атқарылған жұмыстардың барысы туралы баяндама жасады. Баяндамалар барысында қысқы кезеңде жолдарды күтіп-ұстау, қар тазалау жұмыстарының ұйымдастырылуы, сондай-ақ аталған бағыттағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Отырыс барысында комиссия мүшелері баяндамашыларға бірқатар нақты сұрақтар қойып, алдағы уақытта жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.