Бүгінгі Астанада өткен ҚХА-ның 34-сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық беделінің артып келе жатқанын атап өтті.

Бүгінгі Астанада өткен ҚХА-ның 34-сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық беделінің артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, көк паспорт бүгінде ұлттық бірегейліктің символына айналып, әлем алдында еліміздің абыройын айшықтап тұр.
Президент Қазақстан төлқұжатына деген сенімнің артуын – еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздікпен байланыстырды. Бүгінде көптеген шетел азаматтары Қазақстанды тұрақты өмір сүруге немесе саяхаттауға қолайлы ел ретінде таңдай бастады. Бұл – мемлекеттің халықаралық деңгейде мойындалып отырғанының нақты көрінісі.
Қазақстан қауіпсіздік пен заң үстемдігі бойынша халықаралық рейтингтерде жоғары орында тұр. Мәселен, «Тәртіп пен қауіпсіздік» индексінде еліміз 142 мемлекеттің ішінде 43-орынға жайғасқан.
Президенттің сөзі ел беделінің артуы – тек саяси емес, күнделікті тұрақты дамудың нәтижесі екенін көрсетеді. Қауіпсіздік пен тәртіпке негізделген саясат – шетелдік сенімнің артуына, ал бұл өз кезегінде еліміздің әлемдік аренадағы орнын нығайта түседі. Қазақстанның көк паспорты бүгінде тек құжат қана емес, ұлттың мақтанышы.
ИСКАРИН Ануар Есимханович
“AMANAT” партиясы Мәртөк аудандық филиалының атқарушы хатшысы