Ел болашағын айқындайтын маңызды стратегиялық бағдар

Мемлекет басшысы жариялаған еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі бастама — ел болашағын айқындайтын маңызды стратегиялық бағдар. Біз бұл ұсынысты шын жүректен қолдаймыз, өйткені мұндай ауқымды жұмыстар мемлекет экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты дамуына негіз қалайды. Инфрақұрылым саласының дамуы өндіріс орындарының көбеюіне, жаңа технологиялардың енгізілуіне және ішкі нарықтың кеңеюіне ықпал етеді. Сонымен бірге бұл бастама халықты жұмыспен қамту деңгейін арттырып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға нақты мүмкіндік береді. Өңірлер арасындағы жол, коммуникация және көлік қатынастарының жетілдірілуі елдің тұтастығын нығайтып, аймақтардың тең дамуына жағдай жасайды. Мұндай бастамалар — мемлекет дамуының берік іргетасы әрі келешек ұрпақ игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадам.

 

Александра Начевская