Филиал ашылды

Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында Қазақ аналары «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі филиалының ашылуы болды.
Ашылу салтанатының рәсімін ауыл әкімі Бекболат Сәрсенбаев пен қазақ аналары «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Мәртөк филиалының төрайымы Шара Бекназарова жасап лентасын қиды.
Осы шара аясында, ауылдық Мәдениет үйінде батагөй қариялармен «Бата» байқауы өтті. Қарияларымызды бағалы сыйлықтармен Мәдениет үйінің меңгерушісі Гүлмира Тәжібай марапаттады.
Іс-шара барысында ауылдың ақ жаулықты аналары әннен шашу шашты. Мәртөк аудандық Мәдениет үйінің «Илигай» әжелер ансамблі халық әндерінен поппури орындады.
Кеш соңында ақ жаулықты аналарымыз шашу шашып ауылдың үлкен қариясы бата берді.