Гендерлік саясаттағы оң өзгерістер: Қазақстанның дамуы мен болашағы

Қазақстанның гендерлік саясатында оң өзгерістер байқалуда. Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық гендерлік алшақтық» баяндамасына сәйкес, еліміздің 62-орынға көтерілгені гендерлік теңдік бойынша істеліп жатқан жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Бұл Қазақстанның әлемдік аренада гендерлік теңдікті нығайтуда жақсы нәтижелерге қол жеткізе бастағанын білдіреді.
2024 жылы қабылданған заң тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейтті, бұл әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жолындағы маңызды бастама. Заңның қабылдануы адамдардың қауіпсіздігіне, құқықтарының сақталуына үлкен әсер етеді.
Сонымен қатар, Қазақстанда атқарушы, өкілді және сот билігіндегі әйелдердің үлесі қазірдің өзінде біршама жоғары деңгейде. Бұл әйелдердің саяси және қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз ететін маңызды көрсеткіш.
Қазақстанда гендерлік теңдікті дамытуда қоғамның барлық саласында ілгерілеу байқалады, және бұл бағытта мемлекеттік саясат пен қоғамның ынтымақтастығы арқасында ғана түбегейлі өзгерістерге қол жеткізуге болады.
Айгуль Утаралина,
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның хатшысы, “Мәртөк ауданы әкімінің аппараты” ММ бас инспекторы