Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру

Ғылымды дамыту – мемлекетіміз үшін маңызды басымдықтардың бірі. Бүгінде ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру арқылы мемлекет тарапынан жас ғалымдарға үлкен қолдау көрсетіліп келеді.
Осындай қолдаудың нәтижесінде екі маңызды жоба үшін гранттық қаржыландыруды жеңіп алдым. Олардың арасында ферроқорытпалар өндірісінің қалдықтарын кәдеге жаратуға арналған жобалар бар. Бұл жобалар қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған, экологияны тұрақтандыру мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы үшін маңызды. Жобаларды жүргізу үшін гранттық қаржыландыруды алу технологияларды дамытуға мүмкіндік беріп, олар болашақта еліміздің экологиялық жағдайын едәуір жақсартады.
Бұл жобалардың іске асырылуы студенттердің тәжірибелік сабақтары мен ғылыми зерттеулерінің негізіне айналды. Сондай-ақ, жобалар экологиялық мәселелерді шешуге ғана емес, студенттерді ғылыми жетістіктерге шабыттандыруға да септігін тигізді.
Жас ғалымдарды қолдау, ғылымды насихаттау мен оны дамыту ел экономикасын өсіруге мүмкіндік береді.
Сол себептен, мемлекетіміздің білімді жастары осындай қолдауды пайдаланып, елдің дамыуына үлестерін қосуы қажет.

Сариев Өтеген Рафхатұлы, Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор