IV-ШІ ТОҚСАНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР АЯҚТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Медет Ысқақовтың IV-ші тоқсандағы тұрғындарымен кездесуі аяқталды.
Соңғы кездесу барысында, аудан әкімі 15 желтоқсан күні Мәртөк ауылдық округінің Жаңатаң, Қазан, Құмсай және Мәртөк ауылдарында болды.
Жаңатаң ауылының тұрғындары трасса бойынан Жаңатаң ауылына шығатын жолды жөндеу туралы сұрады. Ал, Қазан ауылы тұрғындары Қазан мектебінің жөнделуі, қараусыз жүрген мал, ауылдағы Орталық және Жасыл көшелерін асфальттау мен мұсылман мейітінің қоршауы туралы сұрақтарын ортаға салды. Құмсайлықтар болса, қаңғыбас иттер мәселесі, электр желісінің жиі сөнуі мен қараусыз жүрген мал туралы айтса, Мәртөк ауылының халқы жаңадан салынған қоқыс полигоны туралы сауалдарын жолдады.
Ауданның бірінші басшысы жұмыс ретін түсіндіріп, көтерілген мәселелер рет-ретімен орындалатынын айтты.