ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жайсаң көпсалалы колледжінде қыздар арасында волейболдан Нұрбек Жалғасбаевқа көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Сайыс қорытындысында I орынды Балалар жасөспірімдер спорт мектебі нің командасы, II орынды Молодежка командасы алса, III орын — Мәртөк командасына бұйырды. Жеңіске жеткен командалар диплом, кубок, алғыс хаттармен марапатталды.

Нұрбек Жалғасбаев 2019 жылдан бері Ақтөбе өңірінде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған түрлі жобалар мен шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде, көптеген мұқтаж отбасылармен бірге болып, баспаналы болуға, білім алып жұмысқа орналасуға, ем алуға, балаларға қолдау көрсетуге, адамның жеке дамуына т.б көптеген мүмкіндіктермен қолдау көрсетіп жүрген азамат.

Қайырымды жандар көмек қолын созам десеңіздер

Реквизиттер: Kaspi Bank: 87057448793 Салтанат. Қ (Анасы) 4400 4301 7899 9766