Қарттарға жылжымалы медициналық көмек ұйымдастырылды

«AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және аудандық орталық ауруханамен бірлесіп жалғыз басты қарттарға арналған жылжымалы медициналық көмек ұйымдастырды. Шараға сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутатты Рахат Копжан атсалысты.

 

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы бойынша ұйымдастырылған іс-шараның аясында жұмыс тобы жалғыз басты қарттардың үйлеріне арнайы барып, олардың жағдайымен танысып, дәрігерлер олардың денсаулығын тексерді.

Қарттардың дені 80 жастан асқандар. Барлығы да жасынан қайнаған қара жұмыстың бел ортасында еңбек еткен. Тіпті сұрапыл соғыс жылдары тылда жұмыс істеген. Жағдайларын біліп, денсаулықтарын бақылап кеткен партияның аудандық филиалы бастап барған жұмыс тобына қарттар алғыстарын білдірді.

Қарттардың денсаулықтары қалыпты. Тек бір қарияның аяғына шұғыл түрде ота жасау қажеттілігі анықталды.  Оған шұңыл түрде ауруханаға қаралу керектігі ескертілді.

Партиялық жобаның аясында аталған шара алдағы уақытта ауданға қарасты басқа да елді мекендерде ұйымдастырылатын болады.