«Қарызсыз қоғам» курсы

Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, «АMANAT» партиясына үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын кеңейтуді тапсырған болатын.
«Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты – азаматтарға қаржылық және құқықтық білікті көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық қарыздарын шешуге көмектесу.
Оқыту бағдарламасы қаржылық сауаттылық негіздерін, отбасылық бюджеттің аудитін, жеке қаржыны басқаруды, қаржылық жоспарлауды, құқықтық қолдауды, бизнес-жоспарларды жазуға көмек көрсетуді, ШОБ-ты мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты қамтиды.
Оқудан және қаржылық сарапшылардың жеке кеңестерінен басқа, қатысушыларға оқу процесінде заңгерлердің көмегіне кепілдік беріледі. Олар әрбір қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз ауыртпалығын жеңілдету бойынша практикалық кеңестер береді.
5 күндік «Қарызсыз қоғам» курсында оқу үшін «АMANAT» партиясының жергілікті филиалына немесе әкімдікке хабарласып, жазылу керек.
Сондай-ақ жобаның ресми сайты аркылы – https://qogamfin.kz/form
Мәртөк ауданы — 8 777 434 6085