Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарға Үндеу қабылдады

Жұма күні, 6 ақпанда, Қазақстан РеспубликасыКәсіподақтар федерациясында ҚРКФ Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі СатыбалдыДәулеталиннің жетекшілігімен ҚазақстанРеспубликасының жаңа Конституциясыныңжобасын егжей-тегжейлі талқылауға арналғаніс-шара өтті. Іс-шараға Республикалық салалықкәсіподақтардың, еліміздің барлық өңірлеріндегіКәсіподақ орталықтарының басшылары, кәсіподақбелсенділері қатысты.

Сатыбалды Дәулеталин Конституциялықкомиссия құрамындағы жұмыс туралы айтып бердіжәне елімізде жүргізіліп жатқан конституциялықреформаның тарихи маңызын атап өтті.

«Конституциялық комиссияға бүгінгі таңдасаяси партиялардан, үкіметтік емес және қоғамдықұйымдардан, ел азаматтарынан 4 000-нан астамұсыныс пен өтініш келіп түсті. Бұлотандастарымыздың еліміздің Негізгі заңы қандайболатынына бейжай қарамайтындығын, сондай-ақоның Референдумда халық тарапынанқабылданатынын білдіреді. Қазіргі өзгерістермемлекетіміздің дамуындағы жаңа әрі тарихикезеңді бастап береді», – деді ҚРКФ Төрағасы.

Жаңа жобаның ішіндегі ең маңызды тұстарынатоқталған Сатыбалды Дәулеталин бірнеше жайттытүсіндіріп өтті.

«Жобаның тұтастай алғанда әлеуметтікмемлекетке бағдарлануы ерекше маңызды. Кәсіподақтар үшін еңбек ету құқығы және оныңконституциялық мазмұныжаңа Конституция жобасындағы негізгі сәттердің бірі. Жобақолданыстағы Конституциядан айырмашылығы, әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркінтаңдауға құқығын растайды. Бірақ ең бастыжаңалықбұл құқық енді мемлекеттің әлеуметтікжауапкершілігімен және адамның құндылығыментікелей байланысты болады. Бұл дегеніміз, жұмысқа жай ғана «іс» деп емес, адамның лайықтыөмір сүруінің негізі ретінде қарау. Еңбек етуқұқығы дегеніміз — тек жұмыс орнының болуыемес, ол қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ жалақы жәнежұмыс берушінің өз бетімен шешім қабылдауынаннемесе кемсітуден қорғалу деген сөз. Осы құқықтың Конституцияда бекітілуі жұмысшыныңмәртебесін көтереді. Себебі кез келген реформа немесе цифрландыру жұмыстары алдымен еңбекадамын қорғау қағидасына сүйенуі керек », – деп өзұстанымын білдірді Кәсіподақтар федерациясыныңТөрағасы.

Тағы бір маңызды өзгеріс деп СатыбалдыДәулеталин жаңа кеңесші орган – Халық кеңесініңқұрылуын санайды.

«Жобада Халық кеңесі туралы ереженіңазаматтардың мемлекетті басқаруға қатысатынжеке мекемесі ретінде пайда болуынхалықтыңбилік ісіне нақты араласуының кеңеюі депқарастыруға болады. Өз мағынасы бойынша бұлжай ғана көрініс үшін немесе құр белгі үшінжасалған ұйым емес. Бұл Кеңес қоғам мен билікарасындағы тікелей сөйлесу құралы ретінде, жаңаұсыныстар айту, маңызды реформалар мен қоғамғақажетті шешімдерді талқылау мүмкіндігіменжасалған. Жалдамалы жұмысшылар мен кәсіподақтар үшін бұл өте маңызды. Алғаш ретконституциялық деңгейде әлеуметтік топтар, соныңішінде еңбек ұжымдары, елдегі мәселелерге ресмитүрде әсер ете алатын, заң шығаруға ұсыныс береалатын жол ашылады. Олар енді тек іс болыпқойғаннан кейін ғана емес, шешім қабылданаркезде де ықпал етеді», – деп атап өтті ҚРКФ Төрағасы.

Өз кезегінде ҚРКФ Төрағасының орынбасарыНұрлан Өтешев жаңа Конституция жобасыныңнегізгі ережелері туралы айтып берді. Ол жиынғақатысушылардың назарын мемлекетті басқаружүйесіне ұсынылатын өзгерістерге, азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарына қатыстымәселелерге аударды.

Жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, салалық және аумақтық кәсіподақ жетекшілері өзұсыныстарын енгізіп, пікірлерін білдірді.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері жәнеқоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерініңсалалық кәсіподағының төрағасы МирболатЖақыпов қазіргі Конституция мен жаңа жобанысалыстыра талдау құқықтар мен бостандықтардыңнақтыланғанын, сондай-ақ халықтың мүддесінқорғаудың заңды жолдары көрсетілгенін айтты.

Сонымен қатар, химия, мұнай-химия жәнеөндірістің ұқсас салалары қызметкерлерініңсалалық кәсіптік одағының төрағасы КерімПірімқұлұлы жаңа Конституция жобасында сот жүйесінде қорғау мен айыптаудың тең болуы өтемаңызды екенін атап өтті.

«QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағының төрағасы, ҚР ПарламентіМәжілісінің депутаты Асылбек Нұралин жаңаКонституция жобасында белгіленген парламенттікреформаның өзектілігіне тоқталды.

Талқылауды жалғастыра отырып, Ақтөбеоблысы Кәсіподақ орталығының төрағасыАлтынбек Әмірғалиев жиынға қатысушыларға сөзарнап, аймақтағы кәсіподақтардың атынанотандастарға жаңа Конституция жобасын қолдауғашақыратын Үндеу қабылдауды ұсынды.

Ақтөбелік әріптестің бұл ұсынысын басқа да кәсіподақ жетекшілері қолдады, олардың арасындаҚазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарыбілім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағыныңтөрайымы Айгүл Мұқашева, Алматы облысыКәсіподақ орталығының басшысы ӘсетҚыдырманов және басқалары бар.

Жиынға қатысушыларды тыңдап болған соң, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарфедерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмемлекет пен азамат үшін ең басты құндылықтарКонституция жобасында бекітілгенін айтты. Сондай-ақ, Басты заң жобасын қолдаубұлмемлекеттің және оның халқының одан әрідамуына азамат ретінде өз үлесіңді қосу дегендібілдіретінін атап өтті.

«Біз Қазақстанның болашағына тікелей әсерететін маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріпжатырмыз. Бұл Конституция жобасын қолдаутуралы шешім қоғамның болашақтағы жағдайына, тыныштыққа және еліміздің даму бағытына әсеретеді. Бұләрбір азаматтың ойы мен ұстанымыерекше мәнге ие болатын жауапты сәт. Бұлкезеңнің әлемдегі жағдай тұрақсыз болып тұрғануақытқа тұспа-тұс келуі өте маңызды. Сыртқы жәнеішкі қиындықтар жағдайында жаңа Конституциянықолдау және қабылдауҚазақстанның тұрақтыдаму жолын сақтап қалуға жасалған қадам», – депқорытындылады ҚРКФ Төрағасы.

Жиынның соңында қатысушылар ҚазақстанРеспубликасы Кәсіподақтар федерациясыныңатынан қазақстандықтарға Үндеу қабылдаудықолдады.

Үндеу мәтіні:

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінгі таңда Қазақстанда елдің жаңаКонституциясының жобасын дайындау бағытындаауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Конституциялық комиссия Негізгі заңныңзаманауи шынайылық пен қоғамның өзектісұраныстарына негізделген жаңа редакциясынәзірлеп шықты.

Қазіргі уақытта мемлекетіміздің болашағынатікелей ықпал ететін айрықша тарихи кезеңбасталып отыр.

Осы құжатты қолдау туралы шешім қоғамныңкелешегіне, тұрақтылыққа және мемлекеттің ұзақмерзімді даму векторына ықпал етеді.

Дәл осындай жауапты сәтте әрбір азаматтың жеке пікірі мен ұстанымы ерекше мәнге ие болмақ.

Еліміздегі екі миллионға жуық еңбек адамының мүддесін қорғайтын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жүргізіліп жатқан конституциялық реформаны толық қолдайтынын мәлімдейді. Сонымен қатар, әлеуметтік мемлекетті дамытуға, еңбек адамының мәртебесін нығайтуға және азаматтардың елді басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды ережелерді ерекше атап өтеді.

Біз жаңа Конституция жобасын – адам құндылығы кез келген жүйеден биік тұратын нағыз халықтық заң деп есептейміз.

Бұдан бөлек, жаңа Конституция жобасында әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық бірлік басты құндылықтар ретінде айқындалған.

Еңбекті қорғау, білім беру және алға басу мемлекеттің стратегиялық басымдықтары болып белгіленді.

Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін толықтай сақтап қалады.

Осы орайда әлеуметтік бағыт, әрбір азаматтың қауіпсіздік тетіктері, заң алдында бәрінің тең болуы, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін және еңбегін қорғау шаралары күшейтілді.

Аталған бағыттардың барлығы кәсіподақтар үшін өзгермейтін басты қағидаттар.

Конституциялық реформа еліміздің дамудың жаңа сапалы деңгейіне өтуін көздейді.

Жобада ұсынылған Халықтық кеңес пен Құрылтай жұмысына қатысты нормалар — бұл демократиялық институттарды нығайтуды және қоғамның мемлекеттік басқару мен маңызды шешімдер қабылдау ісіне қатысу сапасын арттыруды көздейтін жүйелі қадамдар.

Осы үдерістерге азаматтық қоғамның, соның ішінде кәсіподақтардың қатысуы миллиондаған жұмысшылардың мүддесін қорғауға нақты жол ашады.

Жаңа Конституция жобасында тәртіпке, кәсібилікке, адал еңбекке және заңды құрметтеуге негізделген, маңызды өмірлік ұстаным ретіндегі жасампаз патриотизм бекітілген.

Халықтың әл-ауқатын көтеру тұңғыш рет конституциялық мақсат болып айқындалды.

Осылайша, азаматтар мен еңбек адамының өмір сүру сапасы дамудың ең басты өлшемі ретінде анықталады.

Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактке толық сай келеді.

Жобада жұмыс орнының қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына, еңбегі үшін қандайда бір кемсітусіз сыйақы алуға, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғалуы құқығына кепілдік береді  деп нақты бекітілген.

Жоба әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркін таңдауына құқығы бар екенін растайды, алайда бұл құқықтың мемлекеттің әлеуметтік сипаты мен адам басымдығы аясында қаралуы өте-мөте маңызды.

Кәсіподақтар үшін жобаның басты элементі — еңбек ету құқығы және оның конституциялық жанжақты қамтылуы болып табылады. Жаңа жоба әр адамның қалаған жұмысымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттің басты назарында жүйе емес, адам және оның мүддесі тұратынын дәлелдейді. Бұл жұмыскерлердің мүддесіне және әлеуметтік диалогта дәйекті түрде қорғалып жүрген кәсіподақтардың мақсаттарына сәйкес келеді.

Біз, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан бұл конституциялық реформа қоғамды біріктіріп, еңбек адамының абыройын арттыратына және әлеуметтік әділеттілікті  күшейтуге мүмкіндік жасайтынына нық сенімді білдіреміз. ҚРКФ Әділетті Қазақстанды құру жолындағы өте маңызды қадам ретінде Конституция жаңа жобасын қолдайтынын мәлімдейді.

Кәсіподақ тарапынан конституциялық реформаны қолдау  саналы әрі жауапты ұстаным. Біз жаңа Конституцияны алдағы уақытта еңбек заңнамасын жақсарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту және лайықты еңбек кепілдіктерін нығайту негізі ретінде қарастырамыз.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Жаңа конституцияны қабылдау Әділетті Қазақстанды құруға ықпал етеді, сонымен қатар бұл мемлекеттің адам мен оның еңбегіне құрмет және  қоғамдағы ынтымақтастық негізінде саясатын қалыптастыруға дайындығын растайды деп санайды.

Біз барлық азаматтарды ел болашағы үшін жалпы жауапкершілікті анық сезінуге және дайындалған жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарфедерациясы

2026 жыл 6 ақпан, Астана

ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы