Қазақ тілін дамыту – ұлттық болмыстың негізі

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақ тілін дамыту мен насихаттауда маңызды рөл атқарып келе жатқан ұйым. Бурабай төрінде өткен төртінші Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы тілімізді дамыту ісінде қоғамның белсенділігі жоғары екендігін атап өтті
Қазақ тілін дамыту – тек тіл мамандарының ғана емес, барша қазақ қоғамының ортақ мақсаты. Тілімізді сақтап, оны жаңа заманауи талаптарға сай дамыту – ұлттық бірегейлігімізді сақтау мен өркениет көшіне қосылудың негізі болып табылады.
Президенттің айтқаны дұрыс, бұл іс-әрекетке әр азаматтың қатысуы өте маңызды. Тіл – біздің ұлттық болмысымыздың, мәдениетіміз бен тарихымыздың айнасы.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамаларын қолдап, оның жұмысын кеңейту біздің міндетіміз. Тілдің мәртебесін арттырып, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану арқылы біз өз болмысымызды сақтай отырып, ұлттық рухты нығайта аламыз.
Т. Шүйішбаева
Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы