Қазақстан – Орталық Азиядағы тұрақтылықтың тірегі және жаһандық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы

Қазақстан халықаралық аренада бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Тәуелсіздік жылдарынан бері еліміз көпвекторлы сыртқы саясат ұстанып, халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнату арқылы өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға айрықша үлес қосып келеді.

Бүгінде Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ИЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық орнатып, көпжақты дипломатияны белсенді түрде дамытып отыр. Әсіресе, Қазақстанның ядролық қарусыздану, азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын тиімді пайдалану, климаттың өзгеруімен күрес және терроризмге қарсы іс-қимыл салаларындағы бастамалары әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағалануда.

Сонымен қатар, еліміз Орталық Азияда интеграциялық үдерістерді нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етіп, өңірлік тұрақтылықтың басты кепіліне айналды. Қазақстанның жаһандық аренадағы белсенді ұстанымы мен бейбіт бастамалары халықаралық аренада ел беделін арттырып, тұрақты даму жолындағы сенімді серіктес екенін айқындай түсуде.

Талғат Көлкебаев
Мәртөк аудандық мәслихат төрағасы