Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы жобасын қоғамдық талқылау ел көлемінде жалғасуда

Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы жобасын қоғамдық талқылау ел көлемінде жалғасуда. Конституция – мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің негізі болып табылатын басты құжат және Қазақстандағы қоғам мен мемлекеттің дамуының негізгі қағидаттарын айқындайды.

Жоба конституциялық нормаларды одан әрі жетілдіруге, мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Осындай маңызды құжаттарды талқылау – қоғам үшін ұсынылған өзгерістермен танысып, ел дамуының маңызды бағыттары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

 

Алиева Айнур Ермекқызы