Қазақстан үшін Конституция – мемлекеттіліктің берік негізі, тәуелсіздіктің айғағы және құқықтық тәртіптің басты кепілі

Қазақстан үшін Конституция – мемлекеттіліктің берік негізі, тәуелсіздіктің айғағы және құқықтық тәртіптің басты кепілі. Ол ел дамуының стратегиялық бағытын айқындап, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті нақтылайды. Жаңартылған Ата Заң заман талаптарына сай өзгерістерді қамтып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және билік тармақтары арасындағы үйлесімділікті нығайтуға бағытталды.

Конституцияда адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде танылған. Бұл қағида әрбір азаматтың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік әділеттілік пен тұрақтылықтың сақталуына негіз болады. Азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігі кеңейтіліп, демократиялық институттардың рөлі артты.

Сонымен қатар, жаңартылған Конституция қоғамдағы өзгерістерге бейімделіп, ашықтық пен есептілікті күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл – халық сенімін арттырып, елдің саяси және әлеуметтік дамуына серпін беретін маңызды қадам.

Қорытындылай келе, жаңартылған Конституция – еліміздің болашағын айқындайтын, тұрақты дамуға жол ашатын және әр азаматтың құқықтарын қорғауға бағытталған стратегиялық маңызы зор құжат.

 

Ахметов Арман Ибраевич