ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ

Қарт кісіні құт — береке деп танысақ — ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата — ана әр кезде де бақытты.

1 қазан күні, ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қариялармызды құрметтейтін күн, яғни қарттар мерекесі. Осы орайда, аудандық мәдениет үйінде «қарты бар үйдің – қазынасы бар» атты мерекелік концерт өтті.

Алдымен халқына тіреу, басына бағдаршы, жасына ақылшы болатын қарттарымызды халықаралық мерекемен құттықтау үшін сөз мәртөк ауданының әкімі алмас салықбаевқа берілді. Ол ардагерлер, зейнеткерлер мен аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Шара барысында, осындай шуақты күні қарттарымызды мерекелерімен құттықтай келген ғазиза жұбанова атындағы ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хор ұжымы сахна төріне шақырылды. Олар қазыналы қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өнерден шашу шаты.