Конституция – еліміздің негізгі заңы

Конституция – еліміздің негізгі заңы. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына негіз болады. Конституциялық өзгерістер еліміздің болашағын нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған деп сенемін. Конституция тек қағаз бетіндегі заңдар жинағы емес, ол – әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне кепілдік беретін тірі механизм. Оның негізгі қағидалары «адам – мемлекеттің ең қымбат қазынасы» деген ұстанымға құрылған. Сондықтан заң үстемдігі орнаған қоғамда әділдік пен теңдік бірінші орында тұрады.

 

Искалиева Галия