Конституциялық комиссия халықтыегемендіктің иесі етуді ұсынды

Еркін Дүйсенов: Конституцияда некетуралы норманы бекіту отбасы институтынқорғауды қамтамасыз етеді

Конституция мемлекеттік құрылыстыңзаманауи міндеттерін айқындайды

Конституциялық комиссияның бесіншіотырысында егемендікті нығайту, тікелейдемократия тетіктерін кеңейту және дәстүрліқұндылықтарды бекіту мақсатында Ата заңныңбірқатар ережелерін қайта қарау бастамасыталқыланды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың біріншіпроректоры, профессор Еркін Дүйсенов,Конституция мәтінінде мемлекеттікқұрылыстың қазіргі заманғы міндеттерін ескереотырып, Ата заңның ережелерін жүйелі түрде қайта қарауды талап ететін терминологиялықжаңсақтықтар мен мен стилистикалықбұрмаланулар бар екенін атап өтті.

Конституцияның 3бабы 1-тармағының жаңа нұсқасын бекітуді ұсына отырып, «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы жәнеегемендік иесіхалық», деп атап өттіДүйсенов.

Оның пікірінше, мұндай редакцияхалықаралық стандарттарға, атап айтқанда,Азаматтық және саяси құқықтар туралыхалықаралық пактінің ережелеріне сәйкес келеді және бірқатар демократиялық елдегі халық егемендігін бекіту тәжірибесін көрсетеді.

Ол Швейцария, Ирландия және Италияныңтәжірибесіне сілтеме жасай отырып,«Жалпыхалықтық референдум азаматтардыңтікелей ерік білдіруінің ең жоғарғы нысаныжәне саяси жүйеге деген сенімді нығайту тәсіліболуы керек», деп атап өтті.

Сонымен қатар Дүйсенов өзініңжарияланымдары мен көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде дәстүрлі құндылықтардысақтау мәселесін талай рет көтеріп, Конституцияның 27бабының ер мен әйелдіңодағы ретіндегі неке туралы тұжырымын нақтылауды ұсынды.

Сондай-ақ спикер Конституцияда некедегіер мен әйел арасындағы норманы бекітуотбасы институты мен ұлттық бірегейліктіқорғауды қамтамасыз ететінін түсіндірді.