Конституциялық реформа: түзетулер Ата заң мәтінінің84%-ын қамтиды

Конституциялық сот төрағасының орынбасары БақытНұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясыныңмүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердіңжиынтық жобасын таныстырды.
Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскенбарлық ұсыныстардың негізінде әзірленді.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңартылғанКонституция жобасында Преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияғаөзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңабөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді.
Жалпы, өзгерістер мен толықтырулар Ата заңныңбарлық бөлімдерін қамтып, 77 бапқа түзетулеренгізілді. Бұл Конституция мәтінінің 84%-ын құрайды.
«Ұсынылған өзгерістер – маңызды әрі ақылға мұқиятсалынған қадам, олар тұжырымдамалық тәсілдердіөзгертіп, құқықтық дәлдікті нығайтып, Конституцияныңсапасын арттырады», – деп атап өтті Конституциялықкомиссияның мүшесі.
Жиынтық жоба білікті заңгерлер мен лингвистерденқұралған жұмыс топтарында қатар пысықталуда.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, мамандарКонституцияның нормаларын дұрыс жазу, мағыналықсәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ түсініксіздіктерді болдырмау бойынша үлкен жұмысатқарды.
Жиынтық жобада ұсынылған новеллаларҚазақстанның конституциялық негіздерін қамтып, оныңкелбетін түбегейлі өзгертеді. Бұл түзетулер көзделгенинституционалдық және құрылымдық реформаларүшін үлкен әлеуетке ие.
«Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау кепілдіктерікүшейтіліп жатыр. Президенттік басқару формасынсақтай отырып, мемлекеттік билік құрылымыайтарлықтай өзгереді», – деп мәлімдедіКонституциялық сот төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар ол негізгі өзгерістерді де атап өтті: жаңа бір палаталы Парламент моделі енгізіледі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысумүмкіндіктері кеңейеді, Конституциялық соттың құқыққорғау тетіктері мен Ата заң негізінде құқық үстемдігінқамтамасыз ету бойынша қызметінің тиімділігі артады.
Бақыт Нұрмұхановтың хабарлауынша, конституциялықновеллалар мемлекет миссиясын, оныңфункцияларының мазмұнын, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар арасындағы өзарақарым-қатынас қағидаттарын жаңа қырынан түсінугемүмкіндік береді, азаматтық қоғам институттарынмемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге кеңінентартуға жол ашады.
«Бұл Конституция мазмұнының жаңаруы мен түбегейліөзгеруі туралы айтуға мүмкіндік береді», – деп атапөтті ол.




