ҚР Президентінің телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған «Хроникадан болашаққа» республикалық деректі кино апталығы Ақтөбеде жалғасты

Screenshot
21 маусымда Астанада басталған жоба еліміздің 20 өңірін қамтып, 25 қыркүйекте Алматы қаласында қорытындыланады. Кино апталығы аясында Президент телерадиокешенінің отыз жылдық шығармашылық қорынан іріктелген деректі фильмдер көрермен назарына ұсынылуда. Ақтөбедегі көрсетілімдер екі күнге жоспарланды.
21 маусымда облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған депутаттар ақтөбелік көрерменмен бірге «Тамшы», «Арал», «Серт» және «Человек с острова Кулалы» деректі фильмдерін көрді. Шараға Президент телерадиокешені деректі кино орталығының бас продюсері Әлібек Құламан да арнайы қатысты.
Іс-шарада облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева мұндай жобалардың қоғам үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. @aqtobeoblystyqmaslihaty




