Құрбан айт – Жаратқанға жақындау мен қайырымдылықтың мерекесі

Қадірлі отандастар және ақтөбеліктер!

Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен баршаңызды шынжүректен құттықтаймын!

Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пенжомарттықтың қазығы ретінде қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді.

Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын  мейрам.

Құрбан айтта орындалатын ең қайырлы амал –  шынайы ықыласпен Алла разылығы үшін құрбан шалу. Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап алады.  Өйткені, Құрбан айт – Жаратқанға жақындау менқайырымдылықтың мерекесі.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялағантақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атапөткен.

Дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымыз жәнешалған құрбандықтарымыз, қасиетті Меккеқаласында қажылығын өтеп, еліміздің игілігі үшіндұға жасап жатқан ата-әжелеріміз бенбауырларымыздың тілегі қабыл болғай! Елімізгетыныштық, отбасыларыңызға амандық, зорденсаулық тілеймін! Құрбан айт жүректеріңізгежарқын үміт ұялатып, ертеңгі күнге дегенсенімдеріңізді нығайта түссін! Айт құтты болсын!

Амантай САДИЕВ

Ақтөбе облысының Бас имамы