Құтырма ауруының алдын алу

Мәртөк ауданында   2023 жылы құтырма ауруы  бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы, адамдар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Мәртөк ауданында   адамдардың  құтырма ауруымен ауырған соңғы жағдайы  2003 жылы тіркелді . Бірақ, облыстағы эпизоотиялық жағдайдың тұрақсыз екенін айта өткен жөн.

Құтырма – жылы қанды жануарлар мен адамдардың жүйке жүйесін зақымдайтын және өліммен аяқталатын жедел вирусты жұқпалы ауру. Ауру таратушылар – барлық жылы қанды жануарлар – жабайы ет қоректі аңдар (қасқыр, түлкі және т.б.), үй жануарлары (ит, мысық, сиыр, жылқы және т.б.) болып табылады. Вирус адамдарға құтырған жануарлардың тістеуінен, тырнауынан немесе сілекейлеген кезінде жұғады. Құтырма вирусы жабайы жануарлар арасында айналымда болады. Ауылшаруашылығы малдары мен ит, мысықтарды зақымдайтын жабайы ет қоректі жануарлар (қасқыр, түлкі) тамақ іздеу мақсатында елді-мекендерге кіру жағдайлары қысқы, күзгі уақыттарда жиі кездеседі. Сол себептен ауыл тұрғындары сақ болулары қажет. Үй жануарларын, мысық пен иттерді жабайы жануарлар тістегенде ветеринарлық дәрігерге қарату қажет. Құтырма ауруының алдың алу мақсатында жыл сайын ауылшаруашылығы малдары мен ит, мысықтарды құтырмаға қарсы егу жүргізіледі.