ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ мемлекетік тілдің аясы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 30-бабында көрсетілгендей, қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады.Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.

Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеубелгіленген тәртіппен аудармашыныңқызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға істің олар үшiн қажеттi, басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiне аудару тегiн қамтамасыз етiледi. Сот процесiне қатысатын адамдарға сотта айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу тiлiне аудармасы өтеусіз қамтамасыз етiледi.

Қылмыстық процесті жүргiзетін органдар процеске қатысушыларға осы Кодекске сәйкес оларға сот iсiн жүргiзу тiлiнде табыс етілуге тиiс құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн адамдар үшiн құжаттардың сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тiлiнде жазылған, куәландырылған көшiрмесi қоса беріледi.

Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мемлекеттік тілге деген құрметтін арттырып, мәртебесін көтеруге үлес қосуы қажет.

 

С.Ногаев,

Мәртөк аудандық сотының төрағасы.