Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл тарихи күн еліміздің мәңгілік еркіндігі мен дамуына жол ашқан, ұлттың бірлігі мен берекесін қалыптастырған маңызды кезең болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында халқымыз өз мәдениетін, тілін, дәстүрін жаңғыртып, халықаралық аренада өз орнын нығайтып келеді.
Қазақстанның болашағы, оның өркендеуі мен дамуы – біздің қолымызда. Әрбір азаматтың еңбегі біздің ортақ мақсатымызға жетуімізге үлкен ықпал етеді. Бірлік пен ынтымақ қана біздің елді дамытып, елімізді әлемнің ең дамыған мемлекеттері қатарына қосады.
Біз Тәуелсіздігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін қажырлы еңбек етуге міндеттіміз.
Әр шаңыраққа шаттық, береке мен амандық, елімізге еңселі өркендеу тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!