🔹️Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты аудан тұрғындары!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен және қаһарман қызымыз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жыл – халқымыздың жадына алтын әріптермен жазылған тарихи кезең. 1945 жылғы 9 мамыр – миллиондаған адамның жанкешті ерлігі мен тылдағы еңбеккерлердің табандылығы арқасында жеткен Ұлы Жеңістің күні. Бұл – бейбіт өмірдің бағасын ұғындыратын, бірлік пен ынтымақтың қадірін арттыратын күн.

Мәртөк ауданынан майдан даласына аттанған үш мыңға жуық азаматтың 1500-і елге оралмай, Отан үшін жанын қиды. 1310 жауынгер мемлекеттік марапаттарға ие болды. Арамыздан шыққан бес бірдей Кеңес Одағының Батыры – ауданымыздың ғана емес, бүкіл елдің рухани мұрасы, мақтанышы.

Қадірлі жерлестер!

Бүгінде біз бейбіт аспанның астында өмір сүріп, ұрпақ тәрбиелеп, ертеңге сеніммен қарап отырмыз. Бұл – елге қызмет еткен ерлердің, тылда еңбек еткен аналар мен апалардың аманаты. Олардың асқақ рухы бізді бірлікке, ел мен жерге адал болуға үндейді.

Сондықтан бұл мереке – тек өткенге тағзым ғана емес, болашаққа бағдар беретін, халықтар достығын, бейбіт өмірді дәріптейтін күн. Біз осы ынтымақ пен татулықты сақтай білсек – Жеңістің шын мәніндегі жалғасы сол болмақ.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, Отанымызға тыныштық тілеймін!
Жеңіс күні құтты болсын!

🔸️Уважаемые жители района!
От всей души поздравляю вас с 80-летием Великой Победы и 100-летием со дня рождения отважной дочери казахского народа, Героя Советского Союза – Әлии Молдагуловой!

Этот год – особый веха в истории нашей страны. 9 мая 1945 года – день, ознаменовавший победу, добытую ценой неимоверных жертв, мужества солдат и самоотверженного труда тыла. Это дата, напоминающая нам о том, насколько важно ценить мир, единство и согласие.
Из Мартукского района на фронт отправились почти 3 тысячи человек. Половина из них – более 1500 солдат – пали смертью храбрых, не дожив до Победы. 1310 бойцов были удостоены государственных наград. Пятеро наших земляков стали Героями Советского Союза – это вечная гордость и неоценимое наследие для будущих поколений.

Дорогие земляки!

Сегодня мы живём под мирным небом, растим детей, строим будущее – и всё это благодаря героизму наших предков. Их подвиг – это не только история, но и завет нам: быть сплочёнными, чтить память и укреплять нашу независимость.

Пусть этот праздник будет напоминанием о том, что сила народа – в единстве, в согласии и в уважении друг к другу. Сохраним эти ценности ради мира, стабильности и благополучия нашей Родины.

Желаю вам крепкого здоровья, семейного благополучия и мирного неба над головой!
С Днём Победы!