Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды

Аталған Заң КонституциялықСоттың нормативтік қаулыларын іскеасыру мақсатында әзірленіп, заңнаманыКонституцияға сәйкестендіруге, жарияжәне жеке мүдделер арасындағытеңгерімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсытетіктерді сақтай отырып, мемлекеттікқызметтің тартымдылығын арттыруғабағытталған.

Заңның негізгі бағыттарының бірі – 2023 жылғы 13 маусымдағы КонституциялықСоттың нормативтік қаулысындакөрсетілген құқықтық ұстанымдыескереотырып әзірленген «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістер болыптабылады. Атап айтқанда, егер мұндайшектеу конституциялық тұғырды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адам құқықтарымен бостандықтарын, халықтыңденсаулығы мен имандылығынқорғау мақсаттарымен негізделмесе, мемлекеттік функцияларды орындауғауәкілетті адамдарға теңестірілгентұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуғатыйым салу алынып тасталды.

Конституциялық Сот кәсіпкерлікқызметті шектеу дифференцияланғанболуы және лауазымдық міндеттердіңсипатына байланысты айқындалуытиісекенін атап өтті.

Осы Конституциялық Сот шешімін іскеасыру мақсатында «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабынан мемлекеттік функцияларды орындауғауәкілетті адамдарға теңестірілгентұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуғатыйым салу нормасы алып тасталды.

Оларға мемлекеттік орган болыптабылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда (оның ішіндемектептерде, ауруханаларда) жәнеквазимемлекеттік сектордың өзгеде субъектілерінде басқарушылықфункцияларды жүзеге асыратын тұлғалар(бірінші басшылар, олардың орынбасарлары, мемлекеттіксатып алу департаменттерініңбасшылары, филиалдар басшылары), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыныңқызметкерлері, сондай-ақкөлік жолдарында техникалық жәнеавторлық қадағалауды жүзеге асыратынтұлғалар жатады.

Сонымен қатар, Заңдамемлекеттік функцияларды орындауғауәкілетті адамдарға теңестірілгентұлғалардың кәсіпкерлік және өзге де ақытөленетін қызметпен айналысуынажол берілмейтін жағдайлар бекітілген. Атап айтқанда, егер мұндай қызметлауазымдық міндеттерді орындауғакедергі келтірсе, қызметтікмүлікті пайдалануға әкеп соқса немесемүдделер қақтығысын тудырса, мұндайқызметке тыйым салынады.

Бұл ретте аталған тұлғаларбұрынғыдай сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының субъектілері болыпқала береді, мемлекеттік қызметшілермен теңдәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсыорганның бақылауында болады жәнесыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қылмыстық жәнеәкімшілік жауаптылықта болады.

Осыған орай, оларға қаржылықбақылаушаралары, мүдделерқақтығысының алдын алу жөніндегіталаптар, сондай-ақ туыстарыменбірлесіп қызмет атқаруға тыйым салу нормалары қолданылады.

Тиісінше, кәсіпкерлік қызметті жүзегеасыру кезінде белгіленген шектеулердібұзу, оның ішінде қызметтік мүліктіпайдалану немесе мүдделер қақтығысыжағдайында қызмет атқаруфактілері анықталған жағдайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылтуралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққақарсы шектеулерді сақтамағаныүшін жұмыстан босату түріндегіжауаптылық көзделген.

Қабылданған Заң конституциялықзаңдылықты нығайтуға және әділеттілік, ашықтық пен құқықтық мемлекетқағидаттарын одан әрідамытуға бағытталған.