Мемлекет басшысы «Орталық Азия — Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуға келді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия — Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуға келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Ақорданың баспасөз қызметі «Орталық Азия — Жапония» бірінші саммитіне қатысушыларының бірге түскен суретін жариялады.
Айта кетейік, 17 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Ал 18 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Император Нарухитоның атынан ресми қабылдау өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрінің атынан Орталық Азия елдері басшыларының құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына барған болатын.




