Мерекелеріңізбен нәзік жандылар

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық Мәдениет үйінде «Асыл жандар» атты салттанатты шара, «8Land» мюзикл концерті өтті.

Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні шиелілік аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.

Аудан әкімі Медет Ысқақов қатысып ақ жаулықты  аналар мен қыз келіншектер қауымын шуақты мерекемен құттықтап, алдағы еңбектеріне табыс және зор денсаулық тіледі. Мұнан соң, түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен қыз-келіншектер облыс және аудан әкімдерінің атынан алғыс хатпен, марапатталды. Сондай-ақ, Замзагуль Абилова мен Салтанат Култаеваға «Күміс алқа» алқасы табыс етілді.

Марапаттау сәтінен кейін мерекелік шара ауданның өнер иелері ұсынған «8Land» мюзикл концертіне ұласты. Аудан өнерпаздары тамаша қойылыпды тамылжыта орындап, жиналғандардың жүрегін тербетті.