Ономастика – тек атау беру мәселесі ғана емес, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және тәуелсіздігімізді дәріптеудің маңызды құралы

Бурабайда өткен Төртінші құрылтайда ономастика мәселесі де көтеріліп, бұл тақырыптың мемлекеттік маңызы зор екені тағы бір рет дәлелденді. Мемлекет басшысы географиялық атаулар мен тарихи жер-су атауларын дұрыс пайдалану, ұлттық болмысымызды айқындайтын атауларды сақтау туралы атап өтті.
Ономастика – тек атау беру мәселесі ғана емес, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және тәуелсіздігімізді дәріптеудің маңызды құралы. Елді мекендер мен көше атаулары халықтың тарихи жадын жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сондықтан атауларды өзгерту немесе жаңадан бекіту барысында тарихи, мәдени, рухани факторлар жан-жақты ескерілуі тиіс.
Құрылтайда бұл мәселені ғылыми және қоғамдық негізде шешу қажеттігі айтылды. Ономастика саласындағы кез келген өзгеріс әлеуметтік келісім мен тарихи әділдікті сақтай отырып жүргізілуі тиіс. Бұл – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның белсенді қатысуын талап ететін ортақ іс.
Осылайша, Құрылтайда ономастикаға қатысты көтерілген мәселелер Қазақстанның тарихи мұрасын сақтау мен нығайту жолындағы маңызды бағыттардың бірі екендігін көрсетті
Т. Шүйішбаева
Аудандық “Қазақ тілі” қоғамының төрағасы