Президент тапсырмаларын орындау: Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі терең өңдеу жобалары жүзеге асуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласын дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Мәселен, биыл Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған ірі өнеркәсіптік парк іске қосылады. Бұл Қазақстанға треонин мен глутамат бойынша әлемдік нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.
Оның үстіне жаңа зауыт жыл сайын 3 млн тонна көлемінде жүгеріге кепілдік берілген сұранысты қалыптастырады. Ал, қазір бүкіл Қазақстан бойынша небәрі 1 млн тонна жүгері өсіріледі. Яғни, бір ғана зауыт нарық құрылымын өзгертіп, агроөндірістің жекелеген бағыттарының дамуына қуатты серпін береді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
2025 жылы майлы дақылдарды, жүнді, ет пен сүтті терең өңдеуге, сондай-ақ құрама жем мен шырын өндіруге арналған 6 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінде он зауыт салынуда.
Бұл орайда Үкімет терең өңдеу жобаларына арнайы мемлекеттік қолдау көрсетуде. Мысалы, астықты өңдеуге инвестициялық субсидиялар 50%-ға ұлғайтылды, сондай-ақ жабдықты импорттау мен негізгі қызмет түрлері бойынша салықтардан босату көзделген.
Десе де, агроөнеркәсіп кешенінде саланың көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар ауылдағы өмір сапасына да әсер етіп отырған бірқатар шешімін күткен мәселелер бар. Көлемді инвестициялар мен үздік агротехнологиялар егіншілік саласында өнімділікті арттыруға мүмкіндік берсе, мал шаруашылығы бұл жағынан едәуір артта қалып қойған. Аталған салада өсім 2-3%-дан аспайды. Бұл өзін-өзі қамтамасыз ету, өңдеуді дамыту, экспорт көлемін арттыру сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік бермей отыр. Ветеринарияда, мал шаруашылығын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету бағытында да мәселелер жеткілікті.
Кейбір ірі жер иеленушілер маусымдық кезеңде ғана жұмыс істеп, қалған уақытта ауылда жұмыссыздық белең алады. Сондықтан 10 мың гектардан астам жерді пайдаланып отырған кәсіпкерлерге міндетті түрде мал шаруашылығын жүргізу талаптары қойылды. Орындамаған жағдайда, тиісті шаралар қабылданады, оның ішінде жерді қайтарып алу тетіктері де бар.
Осыған байланысты Үкімет әзірлеп шығарған Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда асыл тұқымды мал басын сатып алуға жеңілдетілген несие беру, малшылардың балаларына білім гранттарын ұсыну, жасанды ұрықтандырудың заманауи технологияларын енгізу және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шаралары көзделген.
@KZgovernment
————-
Исполнение поручений Президента: в Казахстане реализуются проекты по глубокой переработке в АПК
На расширенном заседании Правительства под председательством Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева Премьер-министр Олжас Бектенов доложил о проводимой работе по развитию агропромышленного комплекса.
Важным направлением является развитие глубокой переработки сельхозпродукции. К примеру, в этом году будет введен в строй крупный промышленный парк по глубокой переработке кукурузы в Жамбылской области. Это позволит Казахстану выйти на мировой рынок по треонину и глутамату.
Наряду с этим, новый завод создаст ежегодный гарантированный спрос на кукурузу в объеме 3 млн тонн. Сегодня весь Казахстан выращивает лишь 1 млн тонн кукурузы. То есть один завод меняет конфигурацию рынка и дает импульс развитию отдельных направлений агропроизводства, — сказал Олжас Бектенов.
В 2025 году построено 6 предприятий по глубокой переработке масличных культур, шерсти, мяса, молока, производству комбикормов и соков. Кроме того, на стадии реализации десять заводов в АПК.
В этом направлении Правительство предоставляет специальные меры господдержки. К примеру, по проектам глубокой переработки зерна инвестиционные субсидии увеличены до 50%, предусмотрено освобождение от основных налогов на импорт оборудования и основную деятельность.
Вместе с тем отмечено, что в АПК сохраняется ряд нерешенных проблем, которые влияют не только на показатели отрасли, но и на уровень жизни на селе. Если масштабные инвестиции и соблюдение агротехнологий позволили повысить продуктивность в растениеводстве, то животноводство в этом плане значительно отстает. Рост в этой отрасли не превышает 2-3%, что не решит вопросы самообеспеченности, развития переработки, наращивания объемов экспорта. Имеются проблемы в ветеринарии, научном и кадровом обеспечении животноводства.
При этом отдельные крупные землевладельцы работают лишь сезонно, в остальное время в селах растет безработица. Поэтому в отношении землепользователей, имеющих от 10 тыс. га, выставлены условия по обязательному ведению животноводства. В случае неисполнения предусмотрены меры, вплоть до изъятия земель.
В связи с этим разработанный Правительством Комплексный план развития животноводства предусматривает такие меры, как льготное кредитование на приобретение племенного поголовья, образовательные гранты для детей животноводов, внедрение современных технологий по искусственному осеменению и развитие отгонного животноводства.
@KZgovernment




